Қайрат Нұртас - Байқа

Бірі сүйіп тыңдаса, бірі мүлде ұнатпайтын Қайрат Нұртас жаңа бейнебаян түсірді. "Байқа" деп аталатын әсем әніне түсірілген жаңа туындысының сценарийі де ерекше. Көлік тоқтатқан қызды айтқан мекенжайына жеткізіп, кейіннен сұлудың ыңғай танытып тұрғанын байқаған Қайрат қыздың соңынан еріп, мерекелік кештің ортасынан табылады. Кешігіп келген сұлуын ұзақ күткен жігіт сүймейтінін байқатып, өзге қыздармен көңіл қосады. Соңында бетперде ішіндегі жігітті тек бір қыз танып соңынан ерітіп әкетеді.