Тамара Асар - Ренжімеші

Қазақтың қарапайым әншілерінің бірі Тамара Асар тыңдармандарына жаңа бейнебаянын тарту етті. Ақылдылығымен, мәдениеттілігімен және ұлттық дәстүрді дәріптеуімен ел аузында жүрген өнер адамы бүгінде біраз белесті бағындырды. Әннің сөзіне ерекше мән беріп, бейнебаяндарында ағаттыққа жол бергісі келмейтін әншінің жаңа туындысы да халық арасында зор ықыласқа ие болды. "Ренжімеші" деп аталатын клиптің негізгі идеясы әртүрлі себептермен бір-біріне өкпелеп отырған жұптың арасындаға өкпе-ренішті артқа тастап, ренжімеші деп кешірім сұрауына құрылған. Тамара Асардың бейнебаянын көру арқылы қыздардың тарапынан көптеген қателік кететінін байқай аласыз. Сонымен, қылықты қыздардың қызықты әрекеттеріне куә болыңыздар.