Рүстем Жүгүнісов - Махаббат

Бойында жастықтың оты маздап тұрған жандар өмірде бірге болар серігін іздеп, өз махаббатын табуға асығады. Мінезі, ақылы, сырт келбеті, қылықтары бір-біріне ұнаған жандар ғана отау құрып, отбасына айналады. Ал, маңайынан өзіне серік етер жанды таппаған қыздар мен жігіттер жүректерінен жауап күтіп, іздеуін тоқтатпайды. Кейде, сөзсіз ұғысып, сырттай сезімін білдіре алмай жүрген жандардың арасынан, қылық көрсетіп, жігітті соңынан біраз жүгіртетін қыздар да кездеседі. Махаббатқа келгенде жігіттің де әлсіз болатынын олар жақсы біледі. Аталған оқиғаны өзінің жаңа бейнебаянында көрсеткісі келген Рүстем Жүгүнісовтің "Махаббат" атты жаңа туындысы шықты.