Иманғазы - Тартымды
Қыз баласы қашанда өзінің қылығымен, сұлулығымен және тартымдылығымен жігіт атаулының жүрегінен ойып тұрып орын алатын болған. Ақылына көркі сай сұлулар әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді дәріптеп, өздерінің орындарын білетін болған. Сондай керемет инабатты аруларды көрген ежелгі Төле билер ақ батасын беріп, ұлдарына айттырған емес пе?! Қазіргі уақытта өзіне жарасымды киініп, сәнденіп жүрген сұлулар бірден тартымды көрінетіні сөзсіз. Кейбір арулар әдемілігін арттырамын деп тым асқақтатып түрін бұзып алып жатады. Осындай барша сұлуларға Иманғазы есімді жас жұлдыз "Тартымды" деп ән арнаған екен.