KeshYou - Сертің қайда?

Мәңгі бірге боламыз деп серттескенсің,
Қыркүйектің айлы күнінде.
Жағдай сұрап, общагаға кеп кеткенсің,
Сақтаулы тұр, кепкең бөлмеде.

Ата анаңды көндіруге жетпей шамаң,
Сертті оңай бұзғанын қалай?
"Әртіс келін керек емес" депті анаң,
Әкең де отыр одан аса алмай.

Қайырмасы:
Сен мені сүймедің ғой, сүймедің ғой жаным,
Мені ойлап күймедің ғой, күймедің ғой жаным.
Қасымда қалмадың ғой,
Жан жарым болмадың ғой,
"Алам" деп алмадың ғой, жаным.
Алмадың ғой (3 рет)

Қайтем енді, тағдыр солай болған болар,
Еш амалым жоқ қой, көнемін.
Жүрегімде бір бос орын қалған болар,
Жолығады біреу білемін.

Ғашықтарды бір-бірінен айырмасын,
Жабырқатып, жай таба алмай түк.
Еріндерім осы әнімнің қайырмасын,
Сыбырлайды, қайталап айтып.