@massaget.kz #рек#казахстан#қазақстан#хочуврек#fyp#харрасмент#новости#жаңалықтар#зорлықзомбылық ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
"Киімді кінәлама"
Таяуда қоғамда болған жайт бізді таңғалдырды. Сексуалдық қысым көрген қыз полицияға шағым айтып барған. Ондағылар ашық-шашық киім кигені үшін қыздың өзін кінәлаған.
Қыздардың ашық-шашық киінуі зорлықшыны ақтай ма?
Алматыда зорлық құрбандарының киімдері қойылған көрме өтті. Атауы – «Киімді кінәлама». Өздерің көріп отырғандай, онда біздің қоғам көп сынайтын ашық-шашық киім де, ұятсыз деп бағаланатын тар көйлектер де көрінбейді. Демек, зорлықшыны құрбанының киімі үшін ешуақытта ақтап алуға болмайды.
Ал сендер қалай ойлайсыңдар?