@massaget.kz #қазақстан#казахстан#көзікөк#монғолия#массагет#тарих#рек#хочуврек#история ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Қазақтардың көзі көк, өзі сары болғаны рас па?
Қазақтар ертеде көзі көк, өзі сары болған, моңғолдар келіп, көзіміз сығырайып қалған? Осы сөз рас па? Анықтап көрейік.
Бұл теорияны бірінші болып айтқан антрополог Оразақ Смағұл. Ол байырғы еуропиоидтардың гені бүгінгі қазақтарда да сақталып қалған дейді. Ғалымның айтуынша, 4 мың жыл бұрын Қазақстан территориясында көзі көк, өзі сары тайпалар да болған.
Бірақ мұнда біз мынаны ескеруіміз қажет. Қазіргі қазақтар кезінде осы жерді мекендеген тайпа-ұлыстардан құралған ұлт. Оның ішінде қысық көзді де, көк көзді де, сары да, қара да нәсіл бар.
Екіншіден, ежелгі еуропеоидтер мен қазіргі еуропеоидтердің айырмашылығы жер мен көктей. Қазақстан жерін мекендеген еуропеоидтардың беттері жалпақ, аласа, мұрындары қоңқы, маңдайлары тайқылау келген.
Сондықтан, бұрынғы қазақтар көзі көк, өзі сары болған деп айту қате.