Қазақстандықтар мынадай қорқынышты кадрларды жариялап жатыр

Бұл өткен сенбіде Қостанай облысында шығып, қазірге дейін сөнбей жатқан алапат орман өрті. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша 10 адам зардап шеккен. 1 адам қаза болған. Өрт аймағындағы ауылдардан мыңдаған адам эвакуацияланды. 108 үй толықтай өртеніп кеткен.

Елдің көптеген өңірінен құтқарушылар мен өртсөндірушілер орман өртін ауыздықтауға жөнелтілді.

Қазірде қазақстандықтар өңірдегі апаттан зардап шеккендерге көмектесу үшін қаражат пен гуманитарлық көмек жинап жатыр. Өз кезегінде Massaget.kz редакциясы бір апталық табысын көмек ретінде жолдауға шешім қабылдады.



Бөлісу: