Болашағы жоқ, Болашақ шағын ауданы. Олай деуімізге себеп не? 100-ден аса отбасының 10 жыл бойы көрген күні көшелері секілді қараңғы. Өйткені көп балалы жас отбасалар тұратын Болашақ ауданында түйіні тарқамаған мәселелер шаш етектен. Қараңғы көшесі бір бөлек, кәріз жүйесіне тоқталмаймын, ал қыс кетіп, көктем келсе, «тобықтан лай кешкені былай тұрсын, қара халық топырақ пен құм араласқан саз суды ішуге мәжбүр. «Болашақ» шағын ауданының болашағы бар ма? - Көпбалалы отбасылардың жанайқайы қандай? - Жауаптылар неге үнсіз? - Әкім орынбасы кіммен соттасып жүр? Толығырақ видеодан көре аласыздар!