Қарғыстың қандай түрлері бар?

Сөздердің ең ауыры — қарғыс. Оны әдетте қатты көңілі қалған кезде айтады. Мысалы "арам қатқыр", "тұқымы құрғыр", "жетпегір" секілді қарғыстар бар. Одан бөлек "көкшешек бол", "барғаныңнан келме" деп нәлет жаудырады. Дүниеқұмар адамдарға "дәміңді ит жесін", "дәм атсын", "асқа жарыл" деп сыбайды. 


Бірақ балаға қарғыс айтпаған. Кішкентай балаға ашуланғанда қарғыстардың мәнін өзгертіп жеткізген. "Тұқымың жойылғыр" мен "тұқымың өшкірдің" орнына "тұқымың жайылғыр", "тұқымың өскір" деп айтқан. 


Дегенмен, қарғыс жақсы емес. Қазақ жүйесіз қарғыс иесін табады деп сенген. Сол себепті ойланып сөйлеп, өзгенің жанын сөзбен жаралаудан сақ болған.



Бөлісу: