Қарағандыдағы жарылыс: Құтқарушымен сұхбат
28 қазанға қараған түні шахтада жарылыс болып, өрт басталған. Ауысымдағы жұмысшылардың басым бөлігі — жер астында 252 адам болған — сыртқа шығып үлгерген. Алайда ондаған адам шахтада қалып қойған. Таңертең 7 адам қаза болғаны белгілі болды, кешке жақын құрбандар саны 33-ке жетті. Жексенбі таңертең олардың саны 35 болды. Ал бүгін олардың саны 46-ға жетті. Алдын-ала ақпарат бойынша, Костенко шахтасындағы апат лавадан шыққан өрттен басталған.