Жыланның уын құрғақ күйінде сақтауға болады

Жыланның уын құрғақ күйінде 23 жыл сақтауға болады. Оның әсері мен қасиеті бауырмен жорғалушның түріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, сұр жылан уында қанды қойылтып жіберетін геморрагин бар. Ал әбжылан уы бірден жүйке жүйесіне әсер етеді. Жыланның шаққан жері қызарып, іспейді. Оның уы қанға бірден тарап, арты өлімге әкеледі.

Бір қызығы, ол қауіпті болса да, емдік мақсатта медицинада кеңінен қолданады. Одан дайындалған дәрі-дәрмек демікпе, артрит сынды дерттерге ем. Бір кездері тісті жұлғаннан кейін, иектің қанын тоқтату үшін де пайдаланған. Дегенмен бүйрек, бауыр, диабет сынды аурулары бар адамдарға жылан уынан жасалған препарат рұқсат етілмейді.



Бөлісу: