Жол апаты дәл осылай аяқталады деп ешкім күтпеген

Павлодарда «Запорожец» көлігімен келе жатып, соқтығысып қалған қарияның мына суреті жұрттың көңілін босатты. Сөйтсек, ол қымбат шетелдік көлікпен соқтығысқан апатта кінәлі екен. Бірақ қазақстандықтар сонда да 85 жастағы тұрғынға көмектесу керегін айтып, қаражат жинай бастаған.


Енді зейнеткер жұртқа алғыс айтып отыр. Тіпті аударымдарды тоқтатуды сұрапты. Ал жиналған ақша шетелдік көлікті жөндеуге де, өзіне жаңа көлік алуға да жетеді екен. Тағы бір павлодарлық тұрғын ақсақалға дәл өзінікіндей «Запорожец» көлігін сыйлауды ұйғарыпты.