XX ғасырдың 80-жылдарына дейін Иран монархиялық ел еді. 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін монархия құлап, аятолла Хомейни бастаған көтерілісшілер билікке келді. Иран бірінші Ислам республикасы болып жарияланды. Шах пен оның отбасы елден қуылды.
1980 жылы жоғары оқу орындары жабылып, профессорлар мен оқытушылар қуғынға ұшырады. Батыста білім алғандарға да қысым көрсетілді. Уақытша неке мен бірнеше әйел алу заңдастырылып, қыздарға оқуға шектеу қойылды.
Мешіттердің ықпалы күрт артты. Ал елде Ислам революциясына дейін Иран өркениеті болмаған деген үгіт-насихат жүре бастады.
Мына суреттерге назар аударыңыз.
Бұл Ислам революциясына дейінгі Иран бейнесі.
Ал қазіргі Иран көрінісі мынадай.
Революция аз уақыт ішінде бүтін бір мемлекеттің тыныс-тіршілігін күрт өзгертті.