@massaget.kz #қазақстан#непал#эверест#шың#мақсұтжұмаев#максутжумаев#тау#батысқазақстан#рекорд#рек#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Эверест шыңын бағындырған қазақстандық
Мақсұт Жұмаев 1979 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Сырым Датұлының тікелей ұрпағы.
Сұхбаттарының бірінде тауды алғаш рет Алматыға туысқандарына қыдырып келгенде көргенін айтады. Үлкен Алматы көліне барғаннан кейін тауға ғашық болған.
Мақсұт Жұмаев жер бетіндегі биіктіктігі 8 000 мыңнан асатын 14 тауды да қосымша оттегісіз бағындырған. Әлем бойынша бұндай ерлікке барған альпинисттер қатарында 12-ші орында.
Алғаш рет Эверестке 2007 жылы шыққан. Екінші рет 2018 жылы 18 мамырында көтерілген. Бірақ кейінгісінде альпинист тау шыңына қиын әрі қауіпті саналатын таудың оң жақ беткейімен шыққан. Осылайша әлемнің биік нүктесіне екі жолмен де шыққан 10-ға жуық адамның қатарына кірді.
Бұл қазақстандық альпинисттің Эверестті бағындыру тарихы. Одан бөлек К2 шыңын бағындыру саяхаты 5 рет сәтсіз аяқталған. Ол туралы келесі жолы айтатын боламыз.