Қазақстан бұл тізімде 68 орында болса, көршілеріміз Өзбекстан 85, Ресей 95-орынға жайғасқан. Бұл тізімді жасау барысында мамандар өмір сүру ұзақтығы, ішімдік пен темекі өнімдерін тұтыну, экология жағдайы мен таза су деңгейіне мән берген.
Алғашқы бестікті Швейцария бастайды. Бұл жерде табиғи өнім көп сатылады, ауасы да таза елдерді бірі. Одан кейінгі төртінші орын Жапонияға тиесілі. Экологиясы мен ауыл шаруашылығы арқылы танымал Исландия үштікке кіреді. Одан кейінгі орында — дұрыс тамақтануға аса мән беретін Италия. Ал ең сау адамдар Испанияда тұратыны белгілі болған.