• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Дамыған елміз дейміз бірақ… / Алматы облысындағы газ мәселесі / Massaget Masele

Қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, шынайы шешімдер іздеуді мақсат еткен "Massaget Masele" жобасы қалың көрерменге жол тартты. Бұл жоба - өңірлердегі қарапайым халықтың мұң-мұқтажын ашық айтып, қоғамдағы түйткілдерді шешуге ықпал етуге арналған жаңа алаң. "Massaget Masele" жобасының басты мақсаты - өңірлердегі әлеуметтік желілер мен республикалық БАҚ қолжетімсіз тұрғындардың үніне құлақ түріп, мәселелерді жергілікті жерге барып зерттеу. Сондай-ақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан проблемаларды билік назарына ұсынып, нақты өзгерістерге ықпал ету. КЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМ – Алматы облысындағы газ мәселесі "Massaget Masele" жобасы қыс ортасында газсыз, жылусыз отырған Алматы облысы тұрғындарының жанайқайын тыңдап қайтты. Жылда жауыр болған жылу мәселесі қашан шешіледі - деп ашынған халық, үйлерін қауіпті жағдайда, баллонмен жылытуға мәжбүр. Тіпті қолымызда сұйық отын үшін қызыл ақшамызда дайын тұрса да жылдар бойы жылу жүйесі тартылмаған. Жылда жауыр болған жылу мәселесі қашан шешілмек? Газ тарифиін теңшеу неге мүмкін емес? Көгілдір отынның машақатын тартқан мұқым елдің бар шындығы Толығырақ "Massaget Masele" –де

"Massaget Masele" АЛҒАШҚЫ ШЫҒАРЫЛЫМ - ТАЛҒАР ТҰРМЫСЫ: ШЕРЗАТТАН КЕЙІНГІ ШЕР   

 • Жаңа Талғар: Шерзаттан кейінгі шер / ...  

Толығырақ сайтымызға өтіп, таныса аласыздар.