Бұл елде небәрі 825 адам тұрады

Бұл елде небәрі 825 адам тұрады. Әлемдегі ең кішкентай мемлекет Ватикан туралы тағы бірнеше деректі ұсынамыз. Оның ауданы 0,44 шаршы шақырым. Мемлекеттің туы, елтаңбасы, пошта байланысы, теміржол және үкіметі бар. Үкіметтің басында танымал Рим Папасы отыр. Ватикан Монте-Ватикано төбесінің атымен аталған. Бір кездері мемлекет Италияға тиесілі болды. Тәуелсіздікті 1929 жылы 11 ақпанда Бенито Муссолини жасаған Латеран келісімдері негізінде алды. Елде ресми түрде латын және итальян тілдері қолданылады.



Бөлісу: