Топырақ жейтін әдетіңіз болса, Ормуз аралына барыңыз. Иран жағалауына жақын орналасқан Ормуз аралы асыл тастарымен ғана емес, жеуге болатын топырағымен де ерекшеленеді. Арал тұрғындары тамаққа топырақ қосқанды ұнатады. Бұл жердің топырағын қырыққабаттан бастап, балық сияқты тағамдарды дайындауда қолданады. Жергілікті "томши" нанын ұн мен топырақ қоспасынан отқа пісіреді.