Әйелде қайын жұрт болмайды

Ер адамда да, әйел адамда да үш жұрт бар.

Ер азаматтың өз жұрты әкесі жағынан, нағашы жұрты анасы жағынан, қайын жұрты әйелі жағынан болады.

Әйелде бұл сәл өзгеше. Оның өз жұрты деп күйеуінің елін айтады. Ал өмірге келіп, өсіп-өнген жерін төркін дейді. Үшіншісі — нағашы жұрт.

Келін күйеуінің ағасын – қайынаға, інісі – қайыніні, қарындасы – қайынсіңлі деп атағанымен қайын жұрт деген тіркесті қолданбайды. Қайын ата, қайын ене деген ұғым да жоқ. Оларды ата және ене, апа деп атаған.

Сондай-ақ қыз бала мен әйел деген ұғымдарды шатастырмау керек. Қыз – әлі тұрмысқа шықпаған бойжеткен. Ол күйеуге тиген соң ғана өз жұртын табады деп есептеледі.



Бөлісу: