Астана - Челси матчы / Тозған стадион / Орталық стадион экс-директорымен сұхбат

Алматы орталық стадионында өткен Астана – Челси арасындағы матчты көріп алаңнан ашуланып шыққан жанкүйерлердің қытығына тиген Астананың ұтылғаны емес, стадионның сапасыздығы. Жағдай жасалмаған, қары тазаланбаған, ішерге ыстық шайы жоқ, не жылы отыратын орны жоқ, аспандаған билеттің бағасына көрсетілген қызметтің сапасы сай емес. Дәл осы даудан кейін , Алматы қаласы орталық стадион директоры Бауржан Жұмажанов қызметінен кетті. Экс-директордың айтар өз шындығы қандай? Алматы футбол өткізуге шынымен дайын болмады ма? Басшы бола тұра Жұмажановтың жұмысты ұйымдастыра алмағаны рас па? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін Бауржан Жұмажанұлын студияға шақырдық.



Бөлісу: