Алматыдағы 5571 әскери бөлімшесінде, Отан алдында борышын өтеген Ербаян Мұхтардың комада жатқанына жарты жылдан асып барады. Әскери бөлімнің есебі бойынша түнгі сағат 2 шамасында әжетханаға шыққан сарбаз, өзі құлап, басын кафельге ұрып алған. "Бас сүйегі жарылып, желке сүйегі сынып, ауыр ми жарақатын алған баланың өзі құлауы мүмкін емес" деген сарбаздың ата-анасы Massaget TV тілшісіне ашық сұқбат берді. Толығырақ сұхбатты видеода көріңіз!