Әскерде балам комаға түсті / Отардағы оқиға / Сарбаздың ата-анасы ашық сұхбат берді

2024 жылы, 15 мамырда өз еркімен әскерге кеткен 19 жастағы Қостанайлық Нұржігіт Асанұлы 9 маусымда Қордай аудандық ауруханасының комасына түскен. Жамбыл облысындағы Отар ауылындағы N30212 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге кеткен сарбаздың жағдайы әзірге жұмбақ. 9 маусым күні, айдың-күннің аманында жансақтау бөлімінен бірақ шыққан қатардағы сарбаз Нұржігіт Асанұлының беті әлі бері қарамаған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр. Жар дегенде жалғыз ұлынан айырылып қала жаздаған сарбаздың ата-анасы Massaget тілшісіне істің мән-жайын түгел баяндап берді. Толығырақ сұхбатты видеодан көріңіз!



Бөлісу: