Арабияда өзендер мен көлдер пайда болып жатыр деген видео тарады. Бұл рас па?

Арабияда өзендер мен көлдер пайда болып жатыр деген видео тарады.
Бұл рас па?

Мұндай видео желіде Сауда Арабиясы мен Йеменде 12 тамызда болған су тасқынынан кейін таралып жатқан болуы мүмкін. Алайда, Арабия шөлінде мөлшерден тыс жауын-шашыннан өзендер мен көлдер пайда болып жатыр деуге негіз жоқ. Өйткені бұл өңірде су тұрақтамайды. Мысалы, 2021 жылы да осындай су тасқыны болған.

Араб түбегінде жауын-шашын сирек құбылыс , сондықтан су тасқынына дайындық әлсіз. Мысалы, 2009 жылы да су басып, 48 адамның өмірін жалмаған. Бірақ сол уақыттан бері де елде көлдер мен өзендер пайда болмаған.
Демек, Арабияда өзендер пайда болып жатқаны фейк.