Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар / Мәжілісте не айтылды? / 02.10.2024

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар халықты толғандырған мәселелерді көтерді. Дайрабаев Жигули су тапшылығының себебін табиғат емес, шенеуніктердің шешімі деп сынға алды. Нартай Аралбай орманшылардың жалақысы неге әлі көтерілмегенін сұрады. Перуашов Азат бөлшек салықтың төмендеуі уақытша ғана ма, әлде ұзақмерзімді шешім бе деп алаңдады. Бейсембай Ержан Маңғыстаудағы оқушылардың улануына қатысты заңбұзушылықтарды айтып, нақты шаралардың қабылдануын талап етті. Сүлейменова Жұлдыз жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың өсуін тоқтату үшін жаңа жүйелер қажет екенін ұсынды. Мәжіліс отырысында көтерілген өзге де мәселелерді осы видеодан көре аласыз. 



Бөлісу: