Әлемде ең кедей президент туралы білесіз бе?

Хосе Мухика 2011 жылдан 2015 жылға Уругвайдың президенті болған. Ол өзінің жалақысының басым бөлігін қайырымдылыққа жұмсайды. Оның айлық табысы 12 500 АҚШ доллары болса, ол соның тек 1250 долларын өзіне қалдырған.

Президент жарымен бірге сарайда емес, Монтевидеодағы фермалардың бірінде тұрған. Тіпті, суды құдықтан тасыған. Президент болғалы 1987 жылы «Фольксваген Жук» көлігін алу үшін ғана қомақты қаражат жұмсаған. Оның бағасы 1 945 $. Мухиканың банкте шоты мен қарызы болмаған.

2015 жылы ол президенттіктен кетіп, Уругвай сенаторы болып тағайындалады. 2018 жылы мерзімнен бұрын зейнетке шығып, кейін зейнетақыдан бас тартқан.

Сіз Хосе Мухиканың бұл қылығын қаншалықты орынды деп ойлайсыз?



Бөлісу: