Ақкентте 16 қабаттан балаларды құтқарған Шукур Гюнаймен сұхбат
Ақкенттегі өрт әлі де халықтың есінен кете қойған жоқ. 16 қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарына өрт сөндірушілердің техникалары жетпей, талай адам төбеден төменге секірген болатын. Сол сәтте тілсіз жаумен күрескендердің арасында Түрік азаматы Шукур Гюнай да болған еді. Massaget.kz тілшісі баланың өмірі үшін басын бәйгеге тіккен азаматпен арнайы барып сұхбаттасып келді.