Өмірімнің бәрі өлең. Балалық күн
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі. Оның екі роман, бес поэма, көптеген өлеңі, мақалалары, очерктері мен публицистикалық шығармалары бар. Назарларыңызға "Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам" деп жырлаған ақынның "Балалық күн" атты өлеңіне дайындалған видеоны ұсынамыз.