Видеопоэзия негізі XX ғасырдың 80-жылдарында қаланған өнер түрі. Бұл қарапайым тілмен айтқанда, өлеңді экрандау, өлеңге видео түсіру. Видеопоэзия қысқаметражды фильмді немесе әнге түсірілген клипті еске салуы мүмкін, бірақ ол өздігімен дамып келеді. Кейде оны кинопоэзия, бейнепоэзия, поэтикалық клип, поэтикалық видео деп те атайды.Мұнда түсірілген әр кадр өлең жолдарымен үйлесім тауып, сөйлеп тұруы қажет. Тек сонда ғана ол толыққанды өнер туындысы бола алады. Назарларыңызға Назгүл Сарыбаеваның Мен қара түске ғашықпын атты шығармасына түсірілген видеопоэзиясын ұсынамыз. Режиссер Айгүл Ақсамбиева бастаған шығармашылық топ өлеңнің атмосферасын тиісті деңгейде жеткізе алды ма? Өз бағаларыңызды беріңіздер.