Өзге ұлттың жігіті қазақ қызына ғашық болыпты, сонда қыздың оған берген жауабы, - деген сарында жазылған жазбаны әлеуметтік желілерден көп көрген боларсыз. Бұл ақын Гүлсара Шалқардың Қазақ болсын күйеуім атты өлеңінің алғысөзі. Бүгінде туынды көпшіліктің көңілінен шығып, зор қошеметке ие болып үлгерді. Назарларыңызға осы өлеңге түсірілген арнайы видеоны ұсынбақпыз.