Әрбір халық аң-құсты, табиғатты өзінің ұлттық болмысына, рухына сәйкес танып, түсінеді, соған орай оларға өзіндік бағасын береді, киеліге балайды, ұлтының болмысымен ұқсастығын табады. Біздің елімізде де солай.Киікті қазақ қастерлі жануар деп есептейді. Ол -даланың киесі, еркіндік нышаны.Күні кеше қазақ даласында киік қырылуда деген жаман хабар тарады.Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы жаппай қырылған киіктердің саны 90 мыңға жуықтаған. Бұл оқиға кімді болса да ойландырмай қоймасы анық. Назарларыңызға осы бір қасіретті жағдайды жырына қосқан ақын Қалқаман Саринның ...Қазақ - киік атты өлеңіне дайындаған видеомызды ұсынамыз.