Биыл қазақтың белгілі қаламгері, ақын Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойы. Ақын поэзиясы туралы кезінде белгілі кино сыншысы, журналист Сауытбек Әбдірахманов: Есенғали Раушанов шығармашылығы ғасырлар тоғысындағы қазақ әдебиетінің аса қызғылықты құбылысы. Шығыстың классик шайырларындай әр шумақтың сазды суретпен құруын, әр өлеңнің өзінен өзі жырлап тұруын қамдайтын, әр теңеудің, әр бейнелеудің дәл, орынды шығуын, өлеңнің тілі де, пішіні де, уәзіні де, сондағы ойға, сезімге сай келуін қатты құнттайтын бұл қаламгердің өлең алдындағы жауапкершілігі жанкештілікпен барабар деп өзінің құнды пікірін білдірген еді. Өткен жолы ақынның Құлыншақ,Сүйдім мен Іңір деген пері қызын... өлеңдерін назарларыңызға ұсынған едік. Бүгін соның жалғасын көре отырыңыздар!