Есенғали Раушанов: Жаз не деп еді"
Биыл қазақтың классик ақыны Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойы. Қаламгер тілсіз табиғатты сөйлете отырып, адам жанының сырын шебер суреттейді. "Табиғат атты ұлы ұғым адам өмірінен бір сәтке де тыс қалмақ емес. Ақын адамды табиғат әлеміне сіңіре бейнелегенде осы фәлсафаны әсте естен шығармайды" (Ж.Ә).
Ақынның мерейтойына орай әдебиеттегі інілері ақынның өлеңдері оқылған видеоролик түсірген болатын. Алдыңғы шығарылымда "Намазшамда көлеңкелер өледі" өлеңін назарларыңызға ұсынған едік. Бүгінгі шығарылымда ақынның "Жаз не деп еді" өлеңін тамашалай отырыңыздар!