"Кітапхана" - Сұлтан Оразалы

Теледидар саласына "Қымызхана", "Кек", "Отырар ойраны" сынды телеқойылымдар, "Сұхбат", "Кездесу", "Сахна" тәрiздi әдеби публицистикалық туындылар, халық санасын оятқан "Айтыс", "Халық қазынасы" атты хабарлар алып келген тұлға Сұлтан Оразалының жазған кітаптары да аз емес. "Кітапхана" бағдарламасының бүгінгі шығарылымы сол кітаптардың бірнешеуін талдауға арналмақ. Студия қонақтары: қоғам қайраткері, журналист Сұлтан Оразалы мен ақын Несіпбек Айтұлы.