"Кітапхана" - Жыраулар (I-бөлім)

Қазіргі таңда көптеген зерттеу еңбектері қайтадан жаңғыртылып, жазылып жатқаны белгілі. Сондай еңбектер қатарына 1983-1984 жылдары 3 том болып жарық көрген "Бес ғасыр жырлайды" кітабының толықытырылып қайта басылған нұсқасы да кіреді. "Жеті ғасыр жырлайды" деп аталатын екі томдық қазақ тарихындағы бірнеше кезеңді қамти отырып жазылған. "Кітапхана" бағдарламасының бүгінгі санында осы кітапты негізге ала отырып, қазақ руханиятына елеулі үлес қосқан жыраулар жайлы сөз қозғалмақ. Студия қонақтары: филология ғылымдарының докторы Шәкір Ыбыраев пен Серік Негимов.