"Кітапхана" - Жамбыл Жабаев

ХХ ғасырдың Гомері атанған ол – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды тұтастырған тарихи тұлға, қайталанбас дарын иесі, қазақ шежіресінің сұңғыла білгірі, өлеңнің қызыл желі. Көрермен назарына қазақ әдебиетінің ғажап туындылары жайлы тың деректер ұсынуды, ғаламтор жаулап алған жастар санасын кітаптың қадіріне, құндылығына аударуды мақсат тұтатын "Кітапхана" бағдарламасының кезекті санын назарларыңызға ұсынамыз. Бүгінгі шығарылымда айтыс ақыны, от тілді, орақ ауызды шешен Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналмақ.