"Кітапхана"- Джек Лондон

Тағдыр маңдайына небәрі қырық жыл ғұмыр жазған америкалық жазушы, қоғам қайраткері Джек Лондон сол қысқа ғұмырының он алты жылын шығармашылыққа арнап, артына жиырма төрт том еңбек қалдырған. Назарларыңызға  "Кітапхана" бағдарламасының осы әйгілі тұлғаға арналған шығарылымын ұсынамыз. Нақтырақ айтсақ, бағдарлама барысында жазушы шығармаларының биік белесі саналатын "Мартин Иден" атты романы талданады. Студия қонақтары: Ұлан Еркінбай мен Есей Жеңісұлы.