"Кітапхана" - Айқын Нұрқатов

"Білім және Мәдениет" арнасы ұсынған "Кітапхана" бағдарламасының бүгінгі санында өмірден ерте өткен әдебиетіміздің жарқын жұлдыздарының бірі, жазушы, сыншы Айқын Нұрқатов туралы сөз қозғалмақ. Сонымен қатар бағдарлама барысында әдебиет зерттеушісінің бес томдық шығармалар жинағы да талқыланады. Студия қонақтары: академик Серік Қирабаев пен ғалым Серік Негимов. Назар салыңыздар.