Германия, Дания және Швейцария ғалымдарының халықаралық тобы осы сұраққа жауап табу үшін тәжірибе жүргізеді.
Бұған 19 бен 39 жас аралығындағы 134 ерікті қатысты. Олар 1 күн бойы ұйықтамай, кейін миын МРТ-дан тексерткен. Құрылғы көрсеткен деректерге сәйкес, ми бірден 1-2 жасқа қартаятыны анықталған. Содан кейін олар бір уақыт ұйықтап, қайта тексерілген. Сол кезде мидың шартты жасы бастапқы қалпына оралған. Яғни, демалыс адам миын жасартады.
Ал сіз күніне қанша сағат ұйықтайсыз?