Адам ағзасын саудалауға қатаң тыйым салынған. Бірақ...
Бірақ шаш, сперма, қан мен жұмыртқа жасушасын сатуға болады.
Боялмаған, жіңішке, ашық түсті шаштар жоғары бағаланады. Оның 100 граммын 50 мың теңгеге дейін сатуға болады. Боялған және табиғи қара шаштар әлдеқайда арзан. 100 граммы үшін небәрі 5 мың төленеді.
Сперманың доноры 18-35 жас аралығында сау ер азамат бола алады. Сперманың бір порциясы үшін орташа 40 мың теңге төлейді. Бірақ, алдымен толық медициналық тексерістен өту керек.
Ал өмірінде бір рет болсын сау бала дүниеге алып келген 18-30 жас аралығындағы кез кезген әйел жұмыртқа жасушасын сата алады. Оларға 400 мың теңгеге дейін төлейді.
Қанды 18 жасқа толған, салмағы 50 килограммнан жоғары адам тапсыра алады. Әр клиника әртүрлі төлейді. Бірақ шамамен орташа сома 4000 теңге.