Депутаттар каникулға кетті

Ерлан Қошанов сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті екінші
сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы қаулыға қол қойды. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 2 және 4-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламенті қаулы етеді:
Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші сессиясы жабылды деп есептелсін.
2024 жылғы 1 шілде – 1 қыркүйек аралығы парламенттік каникул деп жариялансын.



Бөлісу: