Қандай адамдар негативті пікір жазады?

Кейде орынсыз негатив пікірлерді көзіміз шалып қалады. Кейбір адамдар ғаламторда өздерін “батыр” сезініп, басқалардың сырт келбетіне тиісіп, тіпті жекесіне өтіп түрлі сөздермен қорлап жатады. Бұған не итермелейтінін психолог мамандар былайша сипаттайды.

Біріншіден — бала позициясы. Өзінің жағдайының жоқтығына қоғамды кінәлау және біреуді жамандау арқылы өзінің дәрежесін көтеруге тырысудан туындайды.

Екіншіден өз өміріне риза емес адамдар жиі негатив жазады. Әдетте ой-санасы ересек адамдар әр нәрсе үшін жауапкершілік сезеді. Тіпті, аузынан шыққан сөзге де жауапты. Ал өз жағдайына көңілі толмайтын адамдар, сол қуыстың орнын өзгені жамандау арқылы толтырады. Бақытты адамның оны ойлауға, жазуға уақыты болмайды.

Үшіншіден — өз-өзін жақсы көрмейтін адамдар негатив жазуға бейім келеді. Көбіне өзін қабылдамау — өзгені көре алмауға әкеледі.

Және ең соңғы себеп — махаббаттың жетіспеушілігі. Бала кезінен сын мен агрессия сезініп өскен адамдар үшін бұндай іс-әрекет қалыпты болады.

Сіз қаншалықты жиі негативке толы пікір қалдырасыз?