Егіздердің саусақ іздері бірдей бола ма?

Саусақтардағы із үш элементтен немесе өрнектерден тұрады. Олар: бұйра, ілмек және доғалар болып бөлінеді. Осы үлгілердің әртүрлі комбинациясы қайталанбайтын ізді қамтамасыз етеді.

Саусақ іздері ұрық дамуының он үшінші аптасынан бастап пайда болады. Бастапқыда саусақтардың ұшында жоталар түзіледі. Оның қалыптасуына тек 3 ген әсер етеді, одан бөлек сыртқы фактор маңызды рөл атқарады.

Мысалы баланың құрсақта жатуы, қоректік заттар, саусақтардың өсу қарқыны, қан қысымы және тіпті кіндіктің ұзындығы да маңызды.

Негізі егіздердің саусақ іздері ұқсас келеді, бірақ бірдей болмайды.



Бөлісу: