Пиранья шынымен қауіпті ме?

Жыртқыш балықтардың ұзындығы 15 сантиметр, ал салмағы ең көп дегенде 4 килограмм болады. Олардың тістері өткір, тіпті қалың теріні тесе алады. Оның үстіне өте жылдам қозалады. Жемтігіне әдетте топтасып, күтпеген жерден шабуыл жасайды. Ал кішкентай балықтарды тістемей, жұта салады.

Пиранья өзінен үлкен заттардан қорқады. Сол себепті адамға шабуыл жасауы өте сирек кездеседі. Бірақ Бразилияның Минас-Жерайс штатында мынадай оқиға тіркелген. Араның шабуылынан қашқан балықшылар суға секіріп кетеді. Екеуі жағаға аман-есен жүзіп келгенімен, бірі сол күйі оралмайды. Құтқару қызметі келгенде, жергілікті тұрғындар өзенде пиранья барын ескертеді. Жігіттің денесін судан алып шыққан кезде, оның әбден мүжілгенін, ал бетінің бір бөлігі мүлде жоқ екенін байқаған.

Бірақ сараптама нәтижесі балықтар адам қаза тапқаннан кейін ғана шабуылдағанын көрсеткен.