Шіріген ет қай елдің ұлттық тағамы?

Әр халықтың ұлттық тағамы болады. Ол олардың тұратын аймағы, мәдениеті мен дәстүріне сәйкес дайындалады. Мысалы, ненец, чукча мен эскимостар копальхен деп аталатын ет түрін дайындайды. Бұл халықтар үшін дәмді әрі өте құнарды тағам болғанымен, өзге халық үшін ең қауіпті.

Копальхенді көбіне жас бұғы етінен, кейде морж, итбалық немесе киттен дайындалады. Бірінші бұғыны аш күйінде бірнеше күн ұстайды. Өйткені, оның асқазанында тамақ болмауы тиіс. Ол әбден тазарған соң, терісіне зақым келтірмеу үшін тұншықтыру арқылы өлтіреді. Әрі қарай жануардың денесін батпаққа салады. Оны сол жерде жарты жыл сақтайды.

Кейін қыста қазып алып, сол күйінде жейді. Осы уақыт ішінде ет шіри бастайды, мәйіттен у бөлінеді. Сол себепті оны иммунитеті қалыптаспаған өзге халық жей алмайды. Бұндай етке үйрету үшін балаларды кішкентай кезінен шикі етпен тамақтандырады. Сонымен қатар, тағамның жағымсыз түрі мен иісі бірден тәбетті қашырады.