Памперс, кеды, скотч. Бұлар жалпы заттар емес, бренд атауы екенін білесіз бе?

Мысалы, "Pampers" бренді – Procter & Gamble компаниясының бір бөлігі. Бұрын бұл тауарды жаялық не жөргек деп атаған. Алайда "Pampers" өнімінің табысты болғаны сонша, памперс жаялық сөзін алмастырды.

Ал кеды сөзі 1916 жылы Америкада "Keds" атты аяқкиім компаниясы арқылы қолданысқа енді. Фирма тұтынушылар арасында тез танымал болды. "Keds" бастапқыда аяқкиімдерін спортқа арнап жасаған. Бірақ ол ыңғайлы болғандықтан күнделікті киетін аяқкиімге айналды.

Скотч сөзі де "Scotch Tape" компаниясының атауынан шыққан. Аудармасы "шотланд лентасы". Жабысқақ лентаның түр-түрі болғанымен халық оны “скотч” дейді.

Тіпті фен сөзі "Foen" компаниясының арқасында пайда болған. Неміс тілінде "foen" сөзі “Альпі тауынан ескен жылы жел” деген мағына береді.

Тефаль, термос, джип, джакузи сөздері де бренд атауын білдіреді. Сіз бұл қатарға қандай сөздерді қосар едіңіз?