Ұлттық валюта тарихы

Ұлттық валюта қалыптастыру — көп күш пен еңбекті талап ететін күрделі үдеріс. Бірақ Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізді. Бүгін ұлттық валютамыз туралы қызықты деректер ұсынамыз.

Теңгенің бірінші топтамасы Harrison & Sons фабрикасында, Лондонда басылып шығарылды. Оны елге жеткізу үшін тасымалдаушылар 18 әуе сапарын жасаған.

Қазақстанда ақша басып шығаратын фабрика 1995 жылы ашылды. Соның арқасында еліміз ерекше атаулы күндерде мерекелік банкноттар шығаруға мүмкіндік алды.

Ұлттық валютаға "теңгемен" қатар "сом", "ақша", "алтын" секілді атаулар бақталас болған.

Теңге банкноты 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең әдемі қағаз ақша ретінде танылды.