Неге 25 қазан республика күні?

Мемлекеттік маңызы бар мерекелер сияқты бұл күннің де тарихтағы орны ерекше. Өйткені, 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы еді.

Сәйкесінше, қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітілді. Онда ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы нақтыланды. Ата Заң жасау үрдісі басталды.

Бір кездері Республика күнін тойлау алынып тасталды. Көп сарапшының пікірінше Егемендік туралы декларацияда Қазақстанның емес, Қазақ КСР-інің тәуелсіздігі жарияланды. Декларацияға сәйкес адамдарда КСРО азаматтығын сақтап қалу құқығы болды.

Сонымен қатар, Республика күні мемлекеттік мереке емес, ол ұлттық мереке санатына жатады.