Эйнштейн неге тілін көрсетіп суретке түсті?

1952 жылы 14 наурызда Альберт Эйнштейн жетпіс екі жасын атап өтеді. Принстон университетіндегі әріптестері мен достары туған күнге орай банкет ұйымдастырады. Ғалымның атақты болғаны соншалық, банкет журналистер мен фотографтарға толады. Кеш аяқталып, Эйнштейн әйелімен және досы Фрэнкпен үйге қайтпақшы болады. Олар көлік ішінде отырған сәтте де БАҚ өкілдері қоршап алып, жібермей қойған. Арасында Артур Сасс есімді фотограф та бар еді. Ол ғалымнан соңғы рет камераға қарауын сұрағанда, шаршаған физик ашуланып, тілін көрсетеді. Сол сәті суретке түсіп қалады.

Эйнштейнге суреттің ұнағаны соншалықты, оның 9 көшірмесін сұратып алған. Кейін достарына мерекелік құттықтау ретінде жіберген. Ал 2015 жылы сондай құттықтау бәссаудада 125 000$-ға сатылды.