Бешбармақ атауы дұрыс емес

Қазақтың ұлттық тағамы —  Ет. “Оны қолмен жейді, сол себепті бешбармақ аталып кеткен” деген пікір бар. Бірақ, қазақ тілінде қолдағы бас бармақтан басқа төртеуі саусақ деп аталады. “Бешбармақ" сөзі — татарлардан кірген. Олар қолдың барлық саусағын бармақ деп атайды. 

Бұрында  қазақтар еттің өзін ғана асып жеп, таза сорпасын ішкен. Жайма, кеспе қосу кейін пайда болған. Ет сорпасына ұн араласса қан қоюланады деп есептеген.

Әдебиетте де, тарихи деректерде де бешбармақ сөзі кездеспейді.